loader image

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Сонғы жаңалықтар

Педагогтарға арналған «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді оқу- тәрбие үрдісінде интеграциялау» тақырыбында қалалық әдістемелік онлайн семинар өткізілді.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-    педагогтік колледжінде  педагогтарға арналған «Өзін-өзі

Толығырақ оку »

Директордың алғы сөзі

КМҚК «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік  колледжі“ –  жаңа  технологиялар мен  жұмыс  жасауға қабілетті, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби мамандар   жұмыс жасайтын  өзекті  білім беру жүйесі,ашық ақпараттық ортасы  және заманауи  инфрақұрылымы  бар  оқу  орны.

Тәуелсіздік қазақ халқының басты құндылығы болса, оның ең негізгі тірегі – қазақ тілі екендігінде еш күмән жоқ. Сол тілді жандандырып, жастарымызға ана тілінде тәлім – тәрбие беріп отырған оқу орнының өзінше ролі жоғары деп санаймын.

Егемен елдің ертеңін ойлайтын нағыз елжанды қазақ жастары төл оқу орындарында ғана тәрбиеленбек.  Біздің колледж отандық білім беру жүйесінің сапасын көтеруге өзіндік мол үлесін қосып келеді. Колледжіміздің республикамыздағы қазақ мектептерін сапалы мамандармен қамтамасыз етудегі  білім беру жүйесіндегі қызметін  мақтанышпен айтуға тұрарлық.             

Бүгінгі таңда  колледж  балабақша тәрбиешілері және бастауыш саты мұғалімдерін даярлаумен бірге  негізгі мектеп үшін қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, информатика және дене шынықтыру пәндері мұғалімдерін даярлап, ұлт алдындағы міндеттерін абыроймен атқарып келеді. Оның айғағы ретінде білім беру ұйымдарының қазіргі таңда колледж мамандарына деген жоғары сұранысы мен жағымды көзқарасын айтуға болады. Сонымен бірге, заман талабына сай  колледжде былтырдан бері  «Ағылшын тілінде білімі бар бастауыш білім мұғалімі» жаңа мамандық бойынша  және «Балабақша тәрбиешісінің көмекшісі»  жұмысшы мамандарын дайындау қолға алынды.   

Биылғы оқу жылында колледжіміздің жанынан 4 қабатты оқу ғимараты, 4 қабатты студенттер жатақханасы  жеке асхана, спортзалының  құрылысы аяқталып, қолдануға берілді.

Оқу орнының негізгі нәтижесі  түлектері туралы қоғамдық пікірдің оң болуы, еңбек нарығында сұранысқа ие болуы    колледж ұстаздарының  ерен еңбектерінің жемісі.

Қадірлі ұстаздар! Ұлағатты ұлылық пен білімнің тұнығын шәкірт жүрегіне сіңіріп, дарындылықты дамытудағы еңбектеріңіз жана берсін!

Құрметті  талапкерлер!  осы оқу орынында жасалып жатырған істердің барлығы Сіздердің болашақтарыңыз үшін жасалатын игіліктер. Сіздерге ұстаз дәрісін бойларыңызға сіңіреп, өз мамандықтарыңыздың білікті маманы болуларыңызға тілектеспіз!

Жеке блогыма қош келдіңіз! Бұл блоктың негізгі мақсаты — интернет желісіндегі әр адамға колледж қызметі бойынша қызықтыратын сұрақтарына сапалы және қажетті ақпарат беру. Сонымен қатар блок оқырмандарынан кері байланысты күтеміз. Жазыңыздар, өз ойларыңызбен бөлісіңіздер, ұсыныс беріңіздер. Барлық берілген сұрақтарға міндетті түрде жауап беріледі.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню