№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

27.08.2020  №36  өндірістік  бұйрықпен бекітілді

№1 АҚМГП колледжінде  2020-2021 оқу жылындағы  коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процессін ұйымдастыру және педагог қызметкерлер  және қосалқы қызметкерлердің   жұмыстарын  жүргізу

ЕРЕЖЕСІ

І. Жалпы ережелер

1.1. КМҚМ «№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің»  (бұдан әрі – Колледж) Педагогикалық кеңесі  Колледждің негізгі  алқалы кеңес органы ретінде карантин кезеңіндегі   оқу процесін ұйымдастыру және педагог қызметкерлер  және қосалқы қызметкерлердің   жұмыстарын  жүргізу  ретін анықтайды.

1.2. Педагогикалық  кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, карантин кезеңіндегі қолданыстағы заңнаманы, ҚР Білім және ғылым  министрлігінің ведомстволық актілерін және Алматы қаласы Білім бкасқармасының,  Колледждің  ішкі актілерін,  сондай-ақ осы  Ережені басшылыққа   алады.

1.3. Кеңес жұмысын негізінен  ҚР БжҒМ-нің  «Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы»    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» 2020 жылғы 28 тамыздағы №374,  ТжКБ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру тәртібі коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты шектеу шаралары кезеңінде ТжКБ ұйымдарында оқу процесін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жүзеге асырылады 2020 жылғы 13 тамыздағы № 345 бұйрығы және «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚРДСМ –нің 2020 жылғы  28 тамыздағы №98 бұйрығы негізінде және   колледждің  Жарғысына сәйкес жүргізеді.

1.4.Педагогикалық  кеңестің шешімдері  Колледждің барлық қызметкерлері үшін міндетті сипатта болады.

1.5. Карантин мерзімі нақты анықталмағандықтан  Ереже  ашық құжат болып табылады және тиісті өзгертулер енгізіліп отырады.

1.6.  Педагог қызметкерлер   мен қосалқы қызметкерлердің жұмыс тәртібі мен уақытындағы өзгерістер ватсаб мессенджері немесе Zoom платформасында видеобайланыс арқылы  ұйымдастырылған Кеңес отырыстарында  алдын-ала хабарланады.

 

ІІ  Кеңес  қызметінің  негізгі  бағыттары

  1. 1. Кеңес карантин кезеңіндегі оқу процесін ұйымдастыру және педагог қызметкерлер және қосалқы қызметкерлердің   жұмыстарын  жүргізу  ретін  анықтайды:

1.1.Колледж әкімшілік мүшелерінен шұғыл жұмыс тобы құру, ПЦК бойынша  қашықтықтан  оқыту  қызметін  басқару,  бақылау және жоспар бойынша жұмыстарды  ұйымдастыруды  тапсыру:

 Алимжанова А.Б. — «АӘТД және дене тәрбиесі»  ПЦК оқытушылары;

 Беғазова М.П. – «Шетел тілдері және оқыту әдістемелері» оқытушылары; Онгарова Б.К. – «Педагогика және психология»  ПЦК оқытушылары; Байтекева А.А. – «Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту әдістемелері»,  оқытушылары;  

Асубаева Г.С.  — «Жеке пәндер әдістемелері» — ПЦК оқытушылары.

1.2. Әкімшілік мүшелеріне  күнделікті  бөлінген ПЦК –дағы оқытушылардың қашықтықтан сабақ беру барысын сабақ кестесіне сәйкес бақылап, тиісті ескертулер мен нұсқаулар  беріп,  анықталған  проблемаларды  дер кезінде  шешіп отыруы  және апта сайын есеп беріп отырулары  тиіс.

 

ІІІ Оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыру тәртібі

3.1. Барлық мамандықтар бойынша барлық теориялық сабақтар қашықтықтан өткізіледі. Білім алушыларға кәсіби құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін виртуалды зертханаларды, симуляторларды, тренажерлерді пайдалануға жол беріледі. Бұл жағдайда өндірістік оқыту, кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар қашықтықтан өткізіледі.

3.2. ҚБТ-ны пайдалана отырып оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, жұмыс оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, оқу процесінің кестесіне және сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда, оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнына оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.

3.3. №1 АҚМГПК –де  ҚБТ-ны пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастыру үшін:

1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім берудің негізгі Интернет-платформасы ақпараттық жүйе «Білім параграф» және ақпараттық ресурстар колледж сайты мен инстаграмм парақшасы болып табылады;

2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары;

3) цифрлық білім беру ресурстары;

4) оқытуды, оқу контентін немесе сервисті басқарудың желілік жүйелері;

5) тестілеу кешендері;

6) Педагогтер толығымен «Талап»  АЕҚ сайтынан «Педагогтердің IT құзыреттілігін дамыту және жетілдіру» және НИШ АҚ ПШО «Мен қашықтықтан оқытуды үйренемін» тақырыптарында курстардан, цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша  колледждің информатик оқытушылары әзірлеген тренингтер мен семинарларда  даярлықтан өтуі қажет.

3.4. ҚБТ-ны пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде колледж дербес:

1) ақпараттық-білім беру ортасының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;

2) білім алушыларға оқу-әдістемелік, оның ішінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтықтан көрсетілетін жеке консультациялар нысанында көмек көрсету тәртібін айқындайды;

3) педагогтың білім алушымен тікелей өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін сабақтар көлемінің және ҚБТ-ны қолдана отырып өткізілетін сабақтар көлемінің арақатынасын айқындайды;

4) білім беру процесінің барлық қатысушыларының барлық оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдар, тестілеу жүйесі бар ақпараттық жүйеге, әртүрлі электрондық ресурстар мен көздерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;

5) білім беру процесіне қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқару шешімдерін қабылдайды.

3.5. Қолайлы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін ТжКБ ұйымы оқу орны іске асыратын оқу бағдарламаларының функционалы мен контенті бойынша неғұрлым ыңғайлы интернет-платформаны таңдауды дербес жүзеге асырады.

3.6. 1 курсқа қабылданған білім алушылар бекітілген график бойынша санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, оқыту технологияларымен және жүйесімен, міндеттерімен  және Интернет-платформасы ақпараттық жүйе «Білім параграфпен» жұмыс жүргізу тәртібі мен талаптары және ақпараттық ресурстар колледж сайты мен инстаграмм парақшасының сілтемелері таныстырылады, жеке парольдері беріледі.

3.7. Консультациялар жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады. Педагог пен білім алушының өзара әрекеті әртүрлі байланыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

3.8. Теориялық сабақтар әр түрлі байланыс түрлерінің көмегімен, соның ішінде бейне ағындарды қолдана отырып қашықтықтан өткізіледі.

3.9.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту кезінде қашықтықтан білім беру технологиялары ақпаратты қабылдау-беру мүмкіндігін көзделеді.

3.10. Сабақ кестесі көлемі, мазмұны бойынша оқу жоспарына сәйкес болуы, білім алушылардың оқу кезеңі ішінде оқу сабақтарының барлық түрлерімен біркелкі жүктелуін қамтамасыз етуі тиіс (оқу кезеңінің соңына дейін тиісті оқу пәні/модулі бойынша және апта сайынғы оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптарды ескере отырып барлық оқу сабақтары өткізілуі тиіс).

3.11.Педагогтарға оқытушылық қызметке баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. Барлық іс-шаралар, жедел кеңестер қашықтықтан өткізіледі.

3.12.Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардың барлық түрлерін, оның ішінде мәдени, тәрбиелік, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.

3.13.Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 1-қосымшада келтірілген оқу-әдістемелік кешендерді қалыптастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

3.14.Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып сабақтарды ұйымдастыру 2-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

3.15. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу 3-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

3.16. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесі 4-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

3.17. Колледждің оқу-тәрбие процесі 5-қосымшада келтірілген функцияларға сәйкес жүзеге асырады.

3.18. Колледж жатақханасына білім алушыларды  тұрғызу бойынша рұқсат беретін құжаттар дайын болған жағдайда шалғайдағы елді мекендерде тұратын және қашықтықтан оқыту мүмкіндігі жоқ (әлсіз интернет, дербес компьютердің болмауы және басқа) студенттер үшін жағдайлар жасалады.

3.19.Студенттердің жатақханада тұруы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, 6-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

3.20.Педагог  қызметкерлер жұмыс күнін сабақ кестесіне байланысты  бекітілген уақыт аралығында  бастап, аяқтайды. ҚР БжҒМ-нің  2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес    және   2  пар сабақты  өткізу  уақыты  30 минут, онлайн  сабақ  35 минут болып  бекітілді.

3.21. Білім алушылардың оқу және  педагогикалық  практикалары  сабақ  кестесіне  сәйкес өзгеріссіз қашықтықтан ұйымдастырылады. Практиканы өту   ұзақтығы  бір академиялық сағат 15  минут болғандықтан, оқу және педагогикалық практиканы өткізу  уақыты 1,5 сағат  болып   бекітілді.

 

3.22.Топ кураторлары  топтағы студенттермен және  олардың  ата — аналарымен  байланыс орнатуға және білім беру процесіндегі өзгерістер мен талаптарды дер кезінде хабарлап отыруға міндетті. Кураторлар оқу топтарында анықталған проблемаларды дереу әкімшілік мүшелеріне  хабарлап,  мәселелерді  дер кезінде  шешуге  қатысып  отырады.

3.23. Курстық жұмыстар бекітілген график бойынша карантин мерзімі 2 семестрге созылған жағдайда қашықтықтан Zoom қосымшасымен, ватсаб  мессенджерімен  қорғалады, қорғау бойынша видеожазбалары, есебі жазылады, бұйрық бойынша бекітілген  комиссия мүшелерінің қатысуы, мүмкіндігінше төменгі курс студенттері мен жұмыс берушілердің қатысуы қажет. Курстық жұмыстың электронды нұсқалары жауапты комиссия мүшелерінің электронды почталарына жұмысты қарап, анықтама жазуы үшін жіберіледі.

3.24. Ағымдағы аттесттау мен қорытынды аттестаттау материалдары (емтихан билеттерінің сұрақтары, тест материалдары)  білім беру бағдарламаларының мазмұнына сәйкес   мамандықтар бойынша және емтихан, сынақ жұмыстарының кестесіне сәйкес әзірленіп, ағымдағы аттесттау тесттерінің сұрақтары мен жауаптары   Blm. Параграфына  онлайн –тест бөліміне  енгізіледі.

3.25. Директордың орынбасарлары, ПЦК төрағалары өздерінің құрылымдық бөлімдерімен бейне бақылау семинарларын (ВКС) өткізіп, жоспарланған жұмыс  бойынша  талап етуге, әдістемелік нұсқаулар беріп отыруға тиісті.

3.26.Білім алушыларға мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді.

3.27. Асхана  жұмысы тоқтатылады. Тамақтанудың орнына  өтемақы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес төленеді.

3.28. Колледж ұжымындағы педагогтердің мен өзге де қызметкерлердің жұмыс тәртібі және ақы төлеу шарттары еңбек заңнамасына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады.

3.29. Колледж педагогтері мен өзге де қызметкерлері кәсіптік қызметін тікелей білім беру ұйымында және (немесе) қашықтықтан оқыту форматында еркін нысандағы өтініш бойынша жүзеге асырады.

Бұл ретте жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес тиісті актіні қабылдай отырып, келесі қызметкерлер тобын:

білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді (әкімшілік-қосалқы, техникалық персонал);

қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерді (оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтері, кеңес беру және басқа да психологиялық көмек көрсететін психологтар, әлеуметтік педагогтер, онлайн-кітапханалар жұмысын және қашықтан басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын кітапханашылар, жеке онлайн-консультацияларды жүзеге асыратын дефектологтар, сурдоаудармашылар, зертханалық және практикалық жұмыстарды қашықтықтан тексеруді жүзеге асыратын зертханашылар және басқалар) дербес анықтауға құқылы.

3.30. Колледж әкімшілігі мүшелері  01.09. 2020 жылдан бастап  кезекшілік  графигі  бойынша күнделікті  сағат  8.30 -18.00 дейінгі аралықта жұмыс істейді. Сенбі күндері арнайы бекітілген график бойынша сағат  8.30 -16.00 дейінгі аралықта жұмыс істейді.

3.31. Қосалқы қызметкер  күнделікті  қысқартылған  сағат  бойынша 8.00 -13.00 дейінгі  аралықта  жұмыс  істейді.

3.32. Автономды  қазандық операторларының жұмыс уақыты графикке сәйкес жүргізіледі. 

3.33.Оқу әдебиеттері мен құралдарын таңдау кезінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 17 мамырдағы
№ 217 «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, құралдардың және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығын басшылыққа алынады.

3.34. Колледждің дәліздерінде, рекреацияларда, холлдарда және басқа да үй-жайларда ылғалды жинау, ажыратқыштарды, есік тұтқаларын, тұтқаларды, сүйеніштерді, баспалдақ марштарын, терезе төсеніштерін дезинфекциялау жұмыстары жүйелі жүргізілуі тиіс.

3.35. Колледжде дезинфекциялау құралдарының қорымен қамтамасыз етіледі (кіре берістегі дезинфекциялау кілемшесі, тепловизорлар, санитайзерлер, ылғалды, дезинфекциялық жинауды қамтамасыз етуге арналған құралдар).

 

ІY Санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, оқу процесін аралас форматта ұйымдастыру

 

4.1.Сырқаттанушылық деңгейі тұрақты қысқарған жағдайда, колледждің біртіндеп аралас форматқа көшуі жүзеге асырылады.

4.2.Оқу сабақтары қашықтықтан және штаттық режимде ұйымдастырылады. Штаттық режимде оқыту барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып (күн шегінде немесе аптаның күндері бойынша) топтарда (немесе кіші топтарда) жүзеге асырылады.

4.3.Бірінші болып бітіруші топ студенттері дәстүрлі режимге көшеді. Аралық курс білім алушылары қашықтықтан оқытуды жалғастырады.

4.4.Өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар мен практикалық сабақтар дистанцияны сақтай отырып, толық немесе ішінара шағын топтарда кәсіпорындар базасында немесе колледжде  жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтары басқа мерзімдерге ауыстырылады.

4.5.Аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезінде:

1) екі кестені жасау: басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, аудиториялық сабақтар бойынша жеке кесте құрылады;

2) оқытудың қатаң бекітілген кабинетте өтуін ұйымдастыра отырып, әрбір топқа оқу кабинеттерін бекітіледі;

3) аудиторияларда кемінде екі метр қашықтықты сақтауды ескере отырып сабақтар өткізу, санитарлық және эпидемиологиялық режимді күшейте отырып, кабинеттік жүйені жою арқылы өткізіледі;

4) әр топ үшін жеке сабақтар арасындағы үзілістерді ұйымдастырылады;

5) кітапханалардағы оқу залдары жабылады;

6) санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдерге) нұсқаулық жүргізу. Күн сайын температураны өлшеу, ауру симптомдарын анықтау, оқшаулау, аурулар анықталған, карантин жарияланған және барлық оқу тобын қашықтықтан оқытуға көшу, білім алушылардың денсаулық жағдайын бақылау, оқу тобын штаттық режимге қайтару үшін медициналық кабинеттер мен изоляторлардың жұмыс істейді;

7) медицина қызметкерінің күн сайын келіп-кетуін мониторингілеу және студенттер мен басқа қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылау жүргізеді.

4.6.Аудиториялық сабақтарды өткізуге, олардың келісімімен, 65 жастан асқан адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар жіберілмейді.

4.7.Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 1-қосымшада келтірілген оқу-әдістемелік кешендерді қалыптастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

4.8.Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып сабақтарды ұйымдастыру 2-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

4.9.Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу 3-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

4.10.Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесі 4-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.

4.11. Колледждің оқу-тәрбие процесіне қатысушылар қызметін 5-қосымшада келтірілген функцияларға сәйкес жүзеге асырады.

4.12.Студенттердің, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, жатақханада тұруы 6 — қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

4.13.Асханалардың жұмысы тоқтатылады. Жатақханаларда тұратын студенттердің тамақтануын ұйымдастыру үшін асханалардың жұмысы тек тамақты өзімен алып кету жағдайында рұқсат етіледі. Бұл ретте қоғамдық тамақтандыру объектісі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және аумақтардың қаулыларына сәйкес барлық талаптарды сақтайды.

4.14.Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде іс-шаралардың барлық түрлерін, оның ішінде мәдени, тәрбиелік, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізу санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, шағын топтарда және (немесе) қашықтықтан жүргізіледі.

4.15.Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай одан әрі тұрақты жақсарған жағдайда, бірінші және аралық курстардың білім алушылары санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, штаттық режимге көшеді.

Колледж жұмысын біртіндеп қалпына келтіру жүзеге асырылады.

Оқытудың штаттық режимін ұйымдастыру кезінде тәуекел тобына жататын, мынадай айғақтары:

1) 65 жастан асқан;

2) қатарлас ҚЖА бар (артериялық гипертония, СЖЖ және басқалар);

3) жоғарғы тыныс алу жүйесінің қатарлас созылмалы аурулары (ӨСОА, БА, өкпедегі фиброзды өзгерістер);

4) эндокринопатиялар (қант диабеті, метаболикалық синдром, семіздік және басқалар);

5) иммун тапшылығы жағдайлары (онкологиялық, гематологиялық, иммуносупрессивті терапиядағы науқастар және т. б.);

6) жүкті әйелдер;

7) басқа да ауыр созылмалы аурулары бар педагогтердің жұмысы шектеледі.

Аталған айғақтары бар оқытушыларды қашықтықтан жұмыс істеуге көшіру ұсынылады.

4.16. Қолайлы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай кезінде ТжКБ ұйымы толық штаттық режимде жұмыс істей бастайды.

4.17. Сабақ кестесі, ауысым тәртібі, өзгерістер қалпына келтіріледі. Студенттік жатақханалардың жұмысы жандандырылады.

4.18. Асханада тамақтану белгіленген тәртіппен ұйымдастырылады.

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню