№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ПРАКТИКА –БІЛІМ МЕН БІЛІКТІЛІКТІҢ КӨРСЕТКІШІ ЖӘНЕ МАМАНДЫҚҚА ШЫҢДАУДЫҢ ШЕБЕРЛІК МЕКТЕБІ

    Мектептегі бақылау және байқау практикасының көріністері

Балабақшадағы кәсіптік практиканың көріністері

Дипломалды  практикасының қорытынды  конференциясы

Жазғы лагерьдегі практикаға дайындық кезеңінің көріністері

Практика базалары басшыларының марапаттаулары мен алғыс хаттары

ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

2015 оқу жылында «БҮГІНГІ СТУДЕНТ- ЕРТЕҢГІ МАМАН!»

тақырыбында өндірістік   дипломалды практиканың   қорытынды конференциясы ұйымдастырылды.

 Дипломалды практика– болашақ маманның  кәсіби дайындығының сапасы мен деңгейін анықтайтын соңғы кезең.     

    ӨНДІРІСТІК   ДИПЛОМАЛДЫ  ПРАКТИКАНЫҢ  МАҚСАТ-

білім алушыларға мектеп және  мектепке дейінгі ұйымдарда кәсіби-педагогикалық үрдістің міндеттерін шешуде арнайы құзыреттіліктерін қалыптастыру, түлектердің  кәсіби-педагогикалық қызметке дайындық деңгейін анықтау.

     2020  оқу жылында  ҚР БжҒ министрлігі  ТжКББ және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының  волонтерлері арасында

 «МЕН – ТӘЛІМГЕРМІН!» онлайн– акциясын ұйымдастырды. Онлайн– акциясына үздік волонтерлық сабақтар мына  мамандықтар бойынша  колледж ютубына жүктелді. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының 3 курс білім алушысы Әлиасқар Арайлым Алматы қ. №180 бөбекжай- балабақшасының тәрбиеленушісіне сауат ашу негіздерінен қашықтықтан    қосымша ұйымдастырылған оқу қызметі.

Тәлімгер Г.Е.Сулейменова. 

«Бастауыш білім беру» мамандығының 3 курс білім алушысы Тұрыстиева Айкен Петропавл қ. С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназиясының 2 сынып оқушысына математика пәнінен қашықтықтан өткізген қосымша сабағы.Тәлімгер С.С. Садибекова.  

   2018 оқу жылында ХХІ-ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологияның бағытта дамыту білім мазмұнының негізгі нысаны болып табылады . Цифрлы Қазақстан жағдайында жаңартылған білім беру моделін құру мақсатында педагогикалық колледж ұжымы ерінбей еңбек етуде. Колледжде болашақ мамандарға білім беру мақсатында   «Білімнің бастауы — кітап» тақырыбында семинар кездесу өткізілді. Семинардың мақсаты — «Жаңартылған білім беру бағдарламасы» бойынша жарыққа шыққан  6-7-10 сыныптарға  арнап жазған қазақ тілі(оқулық кешені)  және  мектеп жасына дейінгі  балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі оқу құралымен таныстыру.

У.Ж.Мухамеджанова  Республика көлемінде таралған «Дене шынықтыру пәнін оқыту әдістемесі», «Мектеп жасына дейінгі  балалардың дене тәрбиесі теориясы және әдістемесі» оқу құралдарының авторы.

Г.Б.Тоқтыбаева «Назарбаев Зияткерлік мектебіне және өзге де жетекші мектептерге түсуге дайындалуға арналған Қазақ  тілі оқулығы»,6-7-10 сыныптарға  арнап жазған қазақ тілі(оқулық кешені)  жарық көрді. Колледжіміздің мақтаныштары, авторларымызға, қаламдарыңыз ұштала берсін деп тілек білдіріп,  авторлар қатары көбейіп, ғылыми жаңалықтар алаңы жалғасын табады деп сенеміз.

          2018 оқу жылының желтоқсан айында  Алматы қаласы Түрксіб ауданы №142 жалпы білім беретін мектеп пен колледж арасында әлеуметтік — әріптестікте  «Колледж білім алушыларының жаңартылған білім мазмұнын игеру сапасы және педагогикалық практика барысында қолдану деңгейі» тақырыбында қалалық практикалық семинар өтті.

         Семинардың мақсаты — болашақ жас мамандарға жаңартылған бағдарлама бойынша   әдістемелік  қолдау  көрсету, педагогикалық тәжірибесін жетілдіру және кәсіби шеберлігін шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

     Қалалық практикалық семинарға Алматы қалалық жбб мектеп,мектеп — гимназиялардан жас мамандар, мектеп мұғалімдері, колледж оқытушылары және  білім алушылар  қатысты.

         Бағдарлама бойынша семинарда колледждің бітіруші топ білім алушылары ашық сабақ өткізді. Практиканттардың  қысқа мерзімді сабақ жоспарларын құруда практика жетекшілері мен мектеп мұғалімдері бірлесе  отырып әдістемелік көмек көрсетті. Семинар барысында жаңартылған білім беру аясында баяндамалар тыңдалып, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

Әлемдегі Сovid-19 инфекциясының таралуы бүгінде біздің елімізде де орын алып отыр.

2020 оқу жылының 16 наурыз айында төтенше жағдайға байланысты барлық оқу-тәрбие процесі қашықтықтан оқытуға көшкендіктен ZOOM, ВЕБИНАР, ОНЛАЙН, ВИДЕО, топтық WhatsApp арқылы еш кедіргісіз жүзеге асырылды. Яғни, колледж білім алушылары қашықтықтан   білім  алуға  еш  кедергі жоқ екендігі туралы жазбаша пікірлерін  білдірді.

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК – ӘРІПТЕСТІКТЕРДІҢ ПІКІРІ

     №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжі  маман даярлауда әлеуметтік – әріптестікте біріккен қызметтегі  іс- әрекетін, қазіргі төтенше жағдайларға байланысты қашықтықтан жүргізілуде. Колледж  білім алушыларының  педагогикалық практиканы қашықтықтан оқыту барысында     кәсіби шеберліктерін және болашақ ұрпаққа қашықтықтан  мазмұнды білім берудегі құзыреттілігін, қазіргі қоғамның талабына сай  мамандардың қажеттілігін мектеп және  мектепке дейінгі ұйымдардың  басшылары мен орынбасарларының пікірлерінен қорытынды жасауға болады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню