№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

КОЛЛЕДЖ «ӨЗІН - ӨЗІ ТАНУ» РУХАНИ – АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСКЕ ЕНГІЗУ БОЙЫНША БАЗАЛЫҚ ОҚУ ОРНЫ

2014 жылы колледжге Алматы қаласы  білім Басқармасының (№142 31.03.14 ж. бұйрығы, 2014жыл) негізінде  «Өзін — өзі тану»   рухани – адамгершілік  білім берудің  пилоттық  білім беру ұйымы мәртебесі, 2019 жылдан аталған бағдарламаны педагогикалық процеске  енгізу бойынша базалық оқу орны аталды (ҚР БҒМ-нің  2019 жылдың 08.05. №195  бұйрығы)

БАЗАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ МИССИЯСЫ: білім беру үдерісі субъектілерінің    ішкі   әлеуетін    ашуға    мүмкіндіктер     туғызу

МАҚСАТЫ:  тұлғаның жан — жақты біртұтас дамуы  үшін жалпыадамзаттық құндылықтарға бағытталған бірыңғай рухани – адамгершілік кеңістігін қалыптастыру

МІНДЕТТЕРІ:

  1. жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан білім алушылардың дүниетанымдық және мінез-құлық   бағдарын   қалыптастыру.
  2. білім алушылардың өмірлік ұстанымдарын анықтауын, адамгершілік таңдау жасауға дайындықтарын, сөздері мен істерінде жауапкершілікті қалыптастыру,    адамгершілік     мінез — құлықтарын   орнықтыру.
  3. білім алушылардың өзін – өзі тану және өзін – өзі шығармашылық әлеуетін шығармашылықпен жүзеге  асыру  дағдыларын дамыту.

              БҰЛ ПРОЦЕСТІҢ МІНДЕТТІ ШАРТЫ  — біртұтас  білім   кеңістігіндегі жалпыадамзаттық құндылықтардың интеграциясы.   Жалпыадамзаттық  құндылықтарды  пән сабақтарына, сабақтан тыс іс-әрекеттерге, қосымша білім беруге, ата-аналармен жұмыстарға  енгізу арқылы олардың өзін-өзі тану пәнімен интеграциясы жүзеге асырылуы тиіс.

2015 жылы «Бөбек»
ҰҒПБ  орталығы қызметкерлері орталықтың 9 сағаттық біліктілік сертификаттары
мен колледждің 39 оқытушысын марапаттады

 Колледжде 10 оқытушы «Өзін-өзі тану» пәнінен 72 сағаттық курстан өтті.

Мәңгілік жалпыадамзаттық құндылықтар бойынша кафедра күндері ұйымдастырылды 2016-2017 оқу жылы

«ДҰРЫС ӘРЕКЕТ» АПТАЛЫҒЫ

КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ “БӨБЕК” ОРТАЛЫҒЫНДА ВОЛОНТЕРЛЕР МЕКТЕБІНЕН ДАЙЫНДЫҚТАН ӨТУ СӘТІ

КОЛЛЕДЖДЕГІ ВОЛОНТЕРЛЕР КЛУБЫ

«Өзін –өзі тану» рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасын колледждің біртұтас педагогикалық үдерісіне интеграциялау» тақырыбындағы студенттердің ғылыми конференциясы

2016 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласы Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің ғылыми зертханасының жоспарына сәйкес ұйымдастырылған «Өзін –өзі тану»  рухани – адамгершілік  білім  беру  бағдарламасын колледждің   біртұтас педагогикалық  үдерісіне  интеграциялау»   тақырыбындағы  студенттердің ғылыми  конференциясы  жалпы «Өзін — өзі тану» рухани – адамгершілік  білім  беру  бағдарламасын  тұтас педагогикалықүдеріске енгізу практикасындағы  студенттердің қатысуымен  қалалық  деңгейде  ұйымдастырылған  алғашқы  іс –шара болды.

Яғни, біртұтас педагогикалық үдеріске рухани – адамгершілік білім беру  бағдарламасын интеграциялау тақырыбына студенттердің   ғылыми  жұмыстары  алғаш  рет  ұсынылды. Конферецияға  қонақ ретінде 

— «Бөбек» ҰҒПСО — ның бөлім бастығы, п.ғ.к. — Рысбаева Аршагүл  Қылышбекқызы,

— п.ғ.д., профессор — Ишимова Мариям Хасеновна;

— Өзін-өзі тану бойынша  қалалық әдістемелік кабинеттің ғылыми –әдістемелік зертханасы  әдіскері Капалбекова Сауле Рахимбековна;

— Есік гуманитарлық-экономикалық колледж директоры- Жошибаева Гулнар Сағатовна; 

— №2 Алматы мемлекеттік педагогикалық колледж директорының орынбасары —  Чинюкина Ольга В.  қатысты. 

          Ұйымдастыру комитетінің басшылығымен конферецияға  барлығы 23 студент баяндама әзірленді. Бағдарлама бойынша  түске дейін  үш секция жұмыс жасады. Секцияларда  тағайындалған модераторлар 16 баяндаманы тыңдап, талдау жұмыстарын  ұйымдастырды.

  Секция жұмыстарының нәтижесін модераторлар  пленарлық  мәжілістің назарына  ұсынды.  Пленарлық мәжілісте конференцияға қатысушыларға 7 студент зерттеу жұмыстарын таныстырды. 

          Студенттердің баяндамаларының мазмұнында  арнайы, жалпы кәсіптік пәндерден  мысалдарын келтірді  және сабақтан тыс іс-әрекеттер,  қосымша  білім беру,  ата — аналармен ұйымдастырылған жұмыстарды  «Өзін – өзі тану»  рухани – адамгершілік білім беру бағдарламасымен    интеграциялау  нәтижелерін қамтыды.

Студенттердің пленарлық мәжіліске ұсынылған баяндамаларының  мазмұны да тартымды, практикалық жұмыстармен дәлелденген, берілген сұрақтарға  ұтымды жауаптар  бере  білуімен ерекшеленді. Атап айтқанда,  3 курс студенті Райсова Гүлнұрдың  «Балаға рухани – адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудағы педагогтің ролі»,  2 курс студенті Бекболатова Айымның «Ыбырай Алтынсарин  шығармаларындағы рухани – адамгершілік  құндылықтар», 4 курс студенті  Сембекқызы Перизаттың «Ар –ұятты дұрыс әрекеттің темірқазығы етіп ұстауға үйрету», 3 курс студенті Сауранбай Гүлнұрдың  «Мектепке дейінгі жастағы балалардың ақыл-ой тәрбиесіндегі рухани құндылық негіздері» тақырыбындағы баяндамаларының тақырыптары өте жақсы таңдалынып алынып, мазмұны жақсы ашылған деген баға берілді.

       Бұл,  әрине «Өзін –өзі тану»  рухани – адамгершілік  білім  беру  бағдарламасын тұтас педагогикалық процесске интеграциялау арқылы рухани – адамгершілік тұрғысынан студенттерді білім нәрімен қаруландырған ұстаздар еңбегінің нәтижесі. Сонымен бірге баяндамалардың біреуі ағылшын, бірі орыс тілінде жазылып, қорғалғандығын да баса айтып кеткім келеді. Колледжде қазақ, орыс және ағылшын тілінің мамандарын дайындап отырғандықтан, студенттердің кәсіби біліктіліктері де байқалды. 

         Бастысы – пәнді оқыту емес, пәнді оқыту арқылы тұлғаны рухани – адамгершілік  тұрғыдан дамыту. Болашақ ұстаз ретінде колледж студенттері өздері ғана дамып қоймай, колледждегі интеграциялау мысалдарын педагогикалық практикада қалай қолданып жатқандарын баяндамаларында нақты мысалдармен жеткізіп, жұмыстарын суреттерімен дәлелдеп отырды. Баяндамалардың тақырыптарында пән сабақтары ғана емес, факультатив сабақтар,  колледждегі сабақтан тыс тәрбие жұмыстары мысалы, жастар ұйымының, еріктілер қоғамының, ата-аналармен байланыс жұмыстары да қамтылды.

         Бұл жұмыстарда «Өзін – өзі тану»  рухани – адамгершілік  білім  беру  бағдарламасын тұтас педагогикалық процесске интеграциялау жұмыстарының  нақты нәтижелері  көрініс тапты және оған педагогикалық ұжым ғана емес студенттер, олардың ата — аналары, әлеуметтік  серіктестер де тартылды.

         Конференцияда студенттердің жұмыстарын тыңдай отырып, «Бөбек» орталығынан бастау алып, пилоттық оқу орындарында жүзеге асырылып,   басқа мектептер мен балабақшаларда жалғасын тауып жатқан рухани –адамгершілік білім беру бағытындағы игілікті жұмыстар осы салада еңбек етіп жатқан ғалымдар мен педагогтар қауымының еңбегінің босқа кетіп жатпағандығына көзіміз жетті. 

        Конференцияның соңында қорытынды сөз алған «Бөбек» Ұлттық  ғылыми практикалық білім беру және сауықтыру  орталығының  бөлім бастығы, педагогика ғылымдарының  докторы, профессор  Рысбаева Аршагүл  Қылышбекқызы студенттерге мазмұнды зерттеу жұмыстары үшін өз алғысын білдіре отырып, болашақта ғылыми  – зерттеу әдістерін  түрлендіріп, әсіресе сандық сапалық талдау, диаграммалар  беру жұмыстарын жетілдіру және  ғылыми дәлдік-дәлелдік  материалдарды беруді  жүйелеу, академиялық жұмыс талаптарын сақтау сияқты келелі ұсыныстар берді.

              Конферецияға қатысушы барлық студенттер сертификаттарымен  және оларға ғылыми жетекшілік еткен оқытушылар  алғыс хаттармен марапатталды.

Конферецияның  соңында   қарар  қабылданды.

 

Конференция туралы «Алматы ақшамы»газетіне мақала жарияланды.

ҚАЛАЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР 22.10.2016

ТАҚЫРЫБЫ: 

Педагогтің кәсіби қалыптасуындағы «Өзін-өзі тану»  рухани — адамгершілік   білім беру бағдарламасының мүмкіндіктері

ТЕМА:

    Возможности программы нравственно-  духовного     образования  «Самопознание»  в   профессиональном становлении  педагога

Семинардың     ашылуы және ашық  сабақтарды  талдау

Ашық сабақтарды талдау кезеңі

«КОЛЛЕДЖ – ОТБАСЫ – СТУДЕНТ» ҮШТІГІ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ АТА-АНА ЖИНАЛЫСЫ

АТА-АНАЛАР  ЖИНАЛЫСТА  БЕРІЛГЕН МӘЛІМЕТТЕРДІ    ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚПЕН ТЫҢДАДЫ

КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГЫ Г.Е. ЖОЛДАЯҚОВА АТА-АНАЛАРДЫҢ БАЛАЛАРЫМЕН БАЙЛАНЫС ЖАСАУДЫҢ  ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН  ТАНЫСТЫРУДА

СУРЕТШІ АҢСАҒАН МҰСТАФАНЫҢ  ӘЛЕУМЕТТІК ТАҚЫРЫПҚА АРНАЛҒАН ГРАФИКАЛЫҚ СУРЕТТЕРІНІҢ  ЖӘНЕ   «МЕН ҮШІН ЕҢ ЖАҚЫН АДАМ» ШЫҒАРМА БАЙҚАУЫНАН СТУДЕНТТЕРДІҢ АТА-АНАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖҮРЕКЖАРДЫ ПІКІРЛЕРІНІҢ  КӨРМЕСІ

МАҚСАТЫ:  АТА-АНАЛАРДЫҢ НАЗАРЫН  ӨЗЕКТІ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРҒА АУДАРА ОТЫРЫП, ОЙ САЛУ, БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ КӨҢІЛ БӨЛУЛЕРІНЕ ЫҚПАЛ ЕТУ.

КОЛЛЕДЖ ПСИХОЛОГЫ Г.Е. ЖОЛДАЯҚОВАНЫҢ  «ПАТША»  ТАҚЫРЫБЫНДА ТРЕНИНГ ЖҮРГІЗУ СӘТІ

МАҚСАТЫ: АТА – АНАНЫҢ БАЛАСЫНА ДЕГЕН СЕНІМІН АНЫҚТАУ.

АТА-АНАЛАРМЕН  РУХАНИ — АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕНІ  ИНТЕГРАЦИЯЛАУ  ЖҰМЫСТАРЫ

«Өзін-өзі тану» рухани –адамгершілік білім беру бағдарламасының авторы С.С. Назарбаевамен кездесу

Бөбек ҰҒПБО, 1918 жыл )

«Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»  тақырыбындағы  С.А. Назарбаеваға арналған ашық сабақта (1 АҚМГПК , 2020)

«ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ: ІЗГІЛІК ПЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ПЕДАГОГИКАСЫНА 7 ҚАДАМ» АПТАЛЫҒЫ

2019  жылдың 2-11  ақпан аралығында №1 Алматы  қазақ  мемлекеттік  гуманитарлық  педагогтік   колледжінде «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру  бойынша  «Өзін-өзі тану: ізгілік пен сүйіспеншілік  педагогикасына 7 қадам»  атты апталықтың жоспары бойынша  апталықты қорытынды іс –шарасы ұйымдастырылды, онда апта бойы атқарылған іс-шаралардың нәтижесі бойынша жауапты оқытушылар мен білім алушылар қабырғалық постер қорғап, кері рефлексия берді.

  1. Алғысөз алушы колледж директорының оқу-әдістемелік жұмысы жөнінен орынбасары А.Б. Алимжанова  апталықтың тақырыбының  әрбір категорияларына (ізгілік, сүйіспеншілік, өзін-өзі танудағы сүйіспеншілік пен ізгілік, педагогикадағы сүйіспеншілік) қысқаша түсінік бере келіп, мать Терезаның «Риясыз таза сүйіспеншілік  болған жерде бақытсыздық, ауру-сырқау мен өлім де таңғажайып түрде адамдардың игілігіне айналады» деген  тұжырымының дәлелі ретінде 9 жасар американдық бүлдіршін Рейчел Бэквит туралы видеороликті қарауға ұсынды. Соңынан  колледждегі апталық барысында қандай ізгі істер ұйымдастырғандары туралы постер қорғау арқылы баяндауға сөз  берілді.

2.Колледж директорының оқу-тәрбие жұмысы жөнінен орынбасары А.А. Байтекеева ұйымдастырылған акцияның барысы, нәтижесі туралы суреттер мен видеоматериалдарының мазмұнын баяндады: Апталық 02.02.2019 күні «Қол көмегі мен сөз көмегін ұсынайық!» тақырыбындағы акцияны ұйымдастырумен басталды. Студенттерге мен оқытушыларға акция ұйымдастыру мақсаты, міндеттері мен нақты қадамдары хабарланып, іске жұмылдырылды. Акция барысында кітаптар, ойыншықтар, кәде сыйлар жинау және жасөспірімдер мен балаларға  рух беру, рухани  қолдау мақсатында  өзінің немесе өзі білетін оқиғаларын баяндау арқылы жетістікке жету, арман мақсаттарына қол жеткізудің жолын көрсету, бағдарлауға ықпал ететін хат жазу тапсырылды. «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» — деген екен дана халық. Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа – жан риза» деп,  алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну әрбір адамның азаматтық парызы. Қайырымдылық акциясы барысында жинақталған қаржыға ҚР Қызыл ай қоғамының 200 теңге тұратын 500 қайырымдылық купондарын сатып алдық. Колледждің «Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері қалалық №1 Балалар үйіне барып, бүлдіршіндердің көңілін көтеріп, мейірімге бөлеп, қуантып қайтты. Бүлдіршіндерге акция барысында жиналған  кішігірім сыйлықтар мен естелік кітаптар, ізгі тілектер жазылған ашық хаттар табыс етілді. Балалардың қуанышқа толы жүздері мен бақытты күлкілеріне куә болу-бақыт. Өзгелерге бақыт сыйлау арқылы өздері бақытқа кенелген белсенді жастарымыздың ізгі істерінің жалғасын табатынына сенім білдіреміз. Қайырымдылық әрбір бала бойына сенім, жанына жігер ұялататыны

  1.  Педагогика пәнінің оқытушысы Б.К. Оңғарова басшылық жасап, 2 курс студенттері 4 ақпаннан бастап, «Әлеуметтік және азаматтық жауапкершілік» тақырыбында түрлі мамандық иелерінің (дәрігер, аспаз, автобус жүргізушісі, мұғалім, студенттер және т.б.) міндеттері мен өз қызметтеріне азаматтық көзқарастары мен адалдықтары, өз істеріне сүйіспеншіліктері туралы видео түсіріп, репортаждар жасады. Постер қорғау барысында студенттер мынадай қорытынды жасады: «Ізгі іс игілікке жеткізеді. Адамның мейірімді, ықыласты болуы, жаңаны танып білуге құштарлығы, елін, жерін сүюі, еңбексүйгіштігі ізгі істер  мен жақсы әрекеттерге жетелейді. Әрбір адам үшін мамандығын таңдауда дұрыс шешім қабылдауы осы мақсатқа жетуде өз септігін тигізеді. Аталған мамандық иелерімен сұхбаттасу барысында азаматтар мен азаматшалардың өз міндеттерін жақсы түсініп, қызметін үлкен жауапкершілікпен атқаратынын түсіндік. Сонымен қатар, таңдаған мамандықтарына деген махаббатын, сүйіспеншілігін аңғардық».

4. Апта бойы студенттерге өмірлерінен (отбасы, серіктестері, достары, ауылдастары және т.б.) ізгі іс-әрекеттер бейнеленген фото суреттер жинап,  «Адам бейнесін  ажарландыратын  ізгі  іс-әрекеттер» көрмесін ұйымдастыруға қатысу тапсырылды. Апталықтың жоспарына сәйкес 05.02 күні «Адам бейнесін ажарландыратын ізгі әрекеттер» тақырыбындағы фото суреттер көрмесі ұйымдастырылды.  №1 АҚМГП колледж студенттері өздерінің, туыстарының өмірлеріндегі ізгі әрекеттер бейнеленген фото суреттерімен бөлісті.

  1. Апталық барысында 02 күні колледжджің кітапхана кеңесінің мүшелері 1 курс студенттері «С.Алпысқызының «Өмір әдебі», «Өзін-өзі тану маржандары» кітабы және ізгілік педагогикасының тәлімдері» тақырыбында оқырмандармен ой бөлісті. Кеш барысында С.А. Назарбаеваның «Өмір әдебі», «Даналықтың інжу-маржандары», Ш.А.Амонашвилидің «Улыбка моя где ты?», «Өмір мектебі» кітаптарынан түйген ойларын, тұжырымдарын көпшілікпен бөлісті. Сонымен бірге ұлы Абайдың, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  ізілік педагогикасы мен сүйіспеншілік туралы айтқан тәлімдерін қалай түсінгендіктерін, өз өмірлерінде оның қалай әсер ететіндігін, болашақ мамандықтарын меңгерудегі бүгінгі білген –түйгендерінің қандай пайдасы бар екендігі туралы ойларымен бөлісті, өздері кітапхана кеңесінің мүшелері ретінде осы кітаптарды барлық 1 курс студенттеріне оқуға кеңес берді және оқырмандар конференциясын өткізуді жоспарлап отырғандықтарын айтты.

6. Апталық барысында 08.02 күні «Ізгі жүрек ізгілігінен  ажырамайды» атты тақырыпта  қолөнер көрмесі  ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты  студенттердің рухани – адамгершілік құндылықтарды бейнелей білу дағдыларын дамыту, оның мән –мағынасын аша білуге, талдап, ой түюге, тұжырым жасауға үйрету.  Көрмеге 15 жұмыс ұсынылды. Солардың ішінен студенттер постер қорғау барысында  іріктеп алынған 3 жұмысты былайша талдап көрсетті: а) Тақырыбы «Шексіз махаббат», Идеясы: Отбасында анасының сүйіспеншілігіне бөленбеген  адам көп нәрсе жоғалтатындығын ескерту.

7. Апталықтың алғашқы күнінен  «Жақын жандар мен ұлы тұлғалардың  ізгілігі жадымда» тақырыбында алғыс хат, өлең шумағын, эссе  жазу «Абай тану» және «Шешендік өнер» факультатив сабағына қатысатын студенттерге тапсырылды. Мақсаты: Өздерінің жақын адамдарының ізгі әрекеттерін бағалауға, оқыған, көрген, білген тұлғалардың  өнегелі істерінен үлгі алу, ондай ізгі әрекеттерді насихаттау. Ұсынылған  жұмыстардың мазмұндарына шолу жасайтын болсақ: «Көптеген студенттеріміз өз шығармашылықтарында Абай Құнанбаевты ұлы тұлға ретінде үлгі тұтып, оның шығармаларындағы ізгілік өнегелеріне тоқталып, мағынасына талдау жасауға тырысқан. Мысалы, А. Айдарбек «Абай ұлттық сананы өзгерту үшін ең әуелі жеке адам санасын өзгерту қажет. Ойшыл қоғам тәрбиесі жеке тұлға тәрбиесінен басталатынын көрсетті. Олай болса қазақ қоғамының жаңа бет бұрыс жасар сәтінде кемеңгер ақынның бізге қалдырған мұрасымен сусындағанымыз дұрыс болады» — деп өз көз қарастарын білдірді. Көптеген студенттеріміз жанына жақын жандар ретінде өз ата-аналарын үлгі тұтқан. Ата-ананы  отбасының  діңгегі, бастапқы дәнекері ретінде көреді. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше, тіршіліктің қайнар көзі,махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусар бұлағы — әке мен ана есімдеріне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ екенін шығармаларында көрсетіп, шын жүректерінен шыққан өлең жолдарын да  арнады.  Ал, кейбір студенттер достарын жанына жақын жарқын жан ретінде көріп, достық-адамдардың бір- бірін жаны қалап, шын жақын көріп, қалтықсыз сеніп, тілектес, мұраттас болу керек екендігі туралы ойларын білдірген. «Достықтың негізі- достардың өмірге көзқарастары мен түсініктерінің ұқсастығы мен бірлігі» -деп тұжырымдап көрсеткен. Сонымен бірге бірнеше студент  Елбасына, ұстаздарына, аналарына алғыс хаттар арнаған.

Апталықтың қорытындысының соңында кері рефлексия беруші «Бөбек» орталығының қызметкері Әкімбаева Ж.Ж.

ТКББ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ – ӘДІСТЕМЕЛІК СЕМИНАР

31.01.2019

  ТАҚЫРЫБЫ:

«ТжКБ  жүйесінде «Өзін – өзі тану»    рухани — адамгершілік білім беру бағдарламасын жүзеге асыруды  ұйымдастыру шарттары»

  ТЕМА:

«Организационные  условия  реализации  программы  нравственно — духовного образования «Самопознание» в системе ТиПО»

МОДЕРАТОР  — З.С. Бибалинова, ҚББЖТҒӘО-ның «Өзін-өзі тану»  пәні бойынша әдіскері ҚАТЫСУШЫЛАР: ТЖКББ  ұйымдарының басшылары

МУЗЫКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ СӘЛЕМДЕСУ ДӘСТҮРЛЕРІ ТУРАЛЫ ВИДЕОМАТЕРИАЛ ҰСЫНУ АРҚЫЛЫ  ЖАҒЫМДЫ КӨҢІЛ –КҮЙГЕ БАҒЫТТАУ СӘТІНІҢ КӨРІНІСТЕРІ

Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасы  негізінде колледждің  оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру ерекшеліктері»   (Бағдарламаны жүзеге асыру тәжірибесімен таныстыру)

Алимжанова Ә.Б., директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөнінен орынбасары

«Өзін –өзі тану» —   рухани — адамгершілік  білім  беру  жүйесін ізгілендіру құралы»  әдістемелік  коучингтегі    топтық жұмыс  жүргізу сәті

Модератор. Акимбаева Ж.Ж.

Ағылшын тілі пәнінің оқытушысы Борасынбаева С.А., кері байланыс орнатып,  семинар бойынша қатысушылармен пікір бөлісуде

Білім алушылардың шығармашылығы

Қорытындылау, ұсынымдарын қабылдау және караокемен ән айтып, семинарды аяқтау сәті

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню