№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

№ исх: 345   от: 13.08.2020

Нұр-Сұлтан қаласы                                                           

Короновирустық инфекцияның

таралуына байланысты шектеу

шаралары кезеңінде  білім беру

ұйымдарында оқу процесін

іске асыру жөніндегі әдістемелік

 ұсынымдарды бекіту туралы

 

          Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуының алдын алу үшін БҰЙЫРАМЫН:

  1. Осы бұйрыққа қоса берілген:
  • Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды даярлық сыныптарында тәрбиелеу-білім беру процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
  • Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде орта білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
  • Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында оқу процесін іске асыру жөніндегі  әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
  • Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде  жоғары оқу орындарының оқу үдерісін іске асыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін;
  1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары осы бұйрықтан және қоса беріліп отырған әдістемелік ұсынымдардан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
  2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрлеріне жүктелсін.

 

 

Министр                                                                         А. Аймағамбетов

 

Результаты согласования
13.08.2020 08:32:36: Зейнуллаулы А. З. (Управление правового обеспечения) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 09:06:15: Мелдебекова М. Т. (Комитет дошкольного и среднего образования) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 09:06:15: Мелдебекова М. Т. (Комитет дошкольного и среднего образования) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 09:41:53: Сейтак С. М. (Управление развития государственного языка) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 09:43:06: Кобенова Г. И. (Комитет по обеспечению качества в сфере образования и науки) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 09:55:30: Кудеринова А. М. (Комитет дошкольного и среднего образования) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 10:37:29: Имангалиев Е. Н. (Комитет по охране прав детей) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 14:56:01: Каринова Ш. Т. (Руководство) — — cогласовано без замечаний
13.08.2020 17:46:48: Дауленов М. М. (Руководство) — — cогласовано без замечаний

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню