№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Педагогтарға арналған «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді оқу- тәрбие үрдісінде интеграциялау» тақырыбында қалалық әдістемелік онлайн семинар өткізілді.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-    педагогтік колледжінде  педагогтарға арналған «Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді оқу- тәрбие үрдісінде интеграциялау» тақырыбында қалалық әдістемелік онлайн семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты:

 Колледждің оқу- тәрбие үрдісіндегі өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруді интеграциялау ерекшелігін анықтап,тәжірибе алмасу. Семинар бағдарламасында бірнеше  бағыттарда  жұмыстар ұйымдастырылды:
Әр бағыттағы  ұйымдастырылған  жұмыстар  мазмұндарының  күрделілігі  мен  ғылымилылығымен   ерекшеленген. Семинар барысында колледж оқытушылары  Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беруде білім алушыларды  құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу жолдарын, рухани адамгершілік тәрбиенің  қазіргі қоғамдағы өзектілігі туралы ой өрбіте отырып, ата-аналармен, студенттермен жүргізілген жұмыстардың практикалық бағыттарын және өзін-өзі тану пәнімен интеграциялаудың мүмкіндіктері туралы өз  тәжірибелерімен бөлісті.

Ата-аналар лекторийі

 «Қазақтың қайраулы қылышы»Кеңес Одағының  батыры Б.Момышұлының  110 жылдығына арналған интеллектуалды батл

Өзін-өзі тану пәнінен міндетті факультативтік сабақ «Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті»

«Абайтану» курсының факультативтік сабағы

Қосымша білім беру  «Мұғалімнің педагогикалық  рефлексиясы»

   Интеграцияланған сабақ  «Химия және өзін-өзі тану пәндері»

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню