№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«ТОП-100 студенттері» жобасының жеңімпазын құттықтау іс-шарасы

2020 жылы 13 қараша

Қазақстан Республикасы колледждерінің  «ТОП-100 студенттері»  жобасы талантты жастарды  қолдауды мақсат етеді. Жобаға студенттердің өзін-өзі басқару және волонтерлік ұйымдардың лидерлері, «WorldSkills» байқауының, олимпиадалар мен спорт жарыстарының жеңімпаздары, оқу озаттары, инновациялық идеялар мен стартап жобаларға қатысушы белсенді студенттер қатысты. Бұл жай әлеуметтік жоба емес, жобаға қатысушы студенттер арқылы оқу үшін колледждерді таңдауды,  колледж студенттерінің өмірінің қызықты сәттерімен ата-аналарды, болашақ талапкерлерді таныстыру.  №1 АҚМГПК ағылшын тілі мұғалімі мамандығының 4 курс студенті Қазанқап Гүлзада Тұрғынбайқызына 2020 жылдың 20 қазанына дейін  kasipkor.kz. сайты арқылы берілген онлайн дауыс беруде Алматы қаласы колледждері арасында 4 орынға шығып,  «ТОП-100 студенттері» жобасының  «Топ 100 Студенттерінің» қатарына кірді.  

Колледж әкімшілігі мен кәсіподақ ұйымы Қазанқап Гүлзаданы жеңісімен құттықтап, колледждегі студенттердің өзін-өзі басқару ұйымындағы жұмыстары мен  оқудағы жетістіктері үшіналғыс жариялап, планшет сиға тартты.

Колледж директоры М.Т. Мендгазиеваның Қазанқап Гүлзаданы жеңісімен  құттықтау сәті.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню