№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Интеллектуальды ойын туралы педколледж №1

13.11.2020 күні   Алматы қаласы  Білім   басқармасы қалалық    білім    берудегі   жаңа  технологиялардың  ғылыми   әдістемелік   орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің қолдауымен  №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық — педагогтік колледжі базасында  Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына  арналған қалалық  «Абай әлемі» атты әдеби-танымдық  интеллектуалды  ойын  ұйымдастырылды.

Мақсаты: Ұлы Абайдың мұрасын зерделеу, насихаттау арқылы  жас ұстаздардың  әлеуетін   интеллектуалдық тұрғыда арттыру.

Ойынның бағдарламасы әзірленіп, электронды нұсқасы қатысушылардың назарына ұсынылды(қосымша берілді) .  Ойын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізілді.

Интеллектуалды ойынның ашылу сәті  және кіріспе сөз сөйлеушілер:

Алматы қаласы  Білім   басқармасы қалалық    білім    берудегі   жаңа  технологиялардың  ғылыми   әдістемелік   орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі Г.Ж. Сүлейменова және колледж директоры М.Т. Мендгазиева.

Ойынға 2 команда қатысты:

«Тапқырлар» командасында ТжКББ ұйымдарының жас мамандарынан құралған  барлығы — 9 ойыншы санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып,  штаттық режимде қатысты;

«Білгіштер» командасында шетел елдегі және республикамыздың зиялы қауым өкілдерінен құралған барлығы — 13 ойыншы онлайн режимде, бейнеролик, колладж, қара жәшік нысандарында  сұрақтарын жолдады.

  Команда  капитаны тағайындалды.  Әр дұрыс жауапқа 10 балл берілді. «Білгіштер» командасы сұрақ қойды. «Тапқырлар» дұрыс жауап бермесе балл «Білгіштер» командасының  ұпайында қалды. Ойлануға 1 минут уақыт берілді.

«Тапқырлар» командасындағы  ТжКББ ұйымдарының жас мамандары ойын барысында 

Ойынға  Алматы қаласының  ТКББ оқу орындарынан  340 оқытушы қатысып, өз бағаларын берді. (Ойынға қатысушылар кері рефлексия жасады, көрермендер пікірлерін Zoom  бағдарламасының   чатына  жазды, ауызша білдірді).

 «Білгіштер» командасында қоғам қайраткерлері, Абай танушылар,  ғылым докторлары мен кандидаттары, ЖОО педагогтары, Туркия мемлекетінің  «Еркан» колледжінің оқытушысы, колледж түлегі қатысты.

Ойын барысында «Тапқырлар» командасының ойыншылары жоғары белсенділік танытты, өздерінің интеллектуал ұстаздар екендігін көрсетіп, 110 ұпаймен жеңіске жетті. «Білгіштер» командасының  қоржынында  20  ұпай ғана қалды. Көрермендер де  сұрақ қою мүмкіндігіне ие болды.

Ойынның  қорытындысы бойынша   ойынға қатысушылардың арасынан 1,2,3 дәрежелі үздік ойыншылар анықталып, олар  тиісті дипломдармен, барлық қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.

Колледж директоры М.Т. Мендгазиеваның  ойынға қатысушыларды құттықтап, алғыс хатпен және  «Сенде бір кірпіш дүниеге…»  атты  Абай өлеңдерінің  жинағын сыйға тарту сәті.

Алматы қаласы  Білім   басқармасы қалалық    білім    берудегі   жаңа  технологиялардың  ғылыми   әдістемелік   орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі Г.Ж. Сүлейменова ойынның қорытысындысын шығарып, І,ІІ,ІІІ дәрежелі үздік ойыншыларға дипломдар тапсырды:

3 — дәрежелі диплом –Жалелова Қ.Қ.-АПК;

2 — дәрежелі диплом – Мубарак Н. -№2 АМГПК;

 1 -дәрежелі диплом- Копенова А. Е.- АПК.

Жалпы ойынға «техникалық жағынан білім берудің цифрлық контенттерін тиімді қолданып, үш тілде  жоғары дәрежеде ұйымдастырылды» деген баға берілді. «Абай елімізде және әлемде» тақырыбында колледж студенттері әзірлеген  статистикалық   мәліметтер картасының  таныстырылымы жасалды. 

Ойынның соңы  Абайдың  «Көзімнің қарасы»  әнін карокемен  айту арқылы әсерлі аяқталды.

Ойынға қатысушылар ерекше әсерге бөленгендіктерін, өз сабақтарында бүгінгі көрген, білген материалдарын пайдалананатындықтарын жеткізді. 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жас ұстаздары арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қашықтан ұйымдастырылған «АБАЙ ӘЛЕМІ» қалалық әдеби танымдық – интеллектуалды ойын
БАҒДАРЛАМАСЫ

 

Мақсаты: Ұлы Абайдың мұрасын зерделеу, насихаттау арқылы  жас ұстаздардың  әлеуетін   интеллектуалдық тұрғыда арттыру

 

                          УАҚЫТЫ:    ЖҰМА, 13 қараша 2020 жыл, сағат 14.00

13.30-14.00

Zoom конференциясының сілтемесімен кіру

14.0014.05

 

 

14.05-14.10

 

·       Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың  ғылыми-әдістемелік орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі Г.Ж. Сүлейменованың кіріспе сөзі

·       №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледж директоры

М.Т.  Мендгазиеваның алғы сөзі

 

 

 

 

14.10-14.15

Ойынның ашылуы

·       Ойын жүргізушілерінің  ойынға қатысушыларды құттықтауы және кіріспе сөзі;

·       Ойынның шартымен таныстыру

·       Ойынға қатысатын командалармен таныстыру:

«Тапқырлар» командасында ТжКББ ұйымдарының жас мамандарынан құралған барлығы — 10 ойыншы;

«Білгіштер» командасында шетел елдегі және республикамыздың зиялы қауым өкілдерінен құралған барлығы — 13 ойыншы;

·        Ойынның әділқазылар алқасы құрамымен таныстыру

 

 

14.15-15.15

 

 

 

Ойынның негізгі кезеңі

·         «Тапқырлар» командасының  интеракциясы.

·         «Білгіштер» командасы құрамындағы шетелдегі және республикамыздың зиялы қауым өкілдері тарапынан видеожазба, қара жәшік, суретті коллаж арқылы сұрақтардың қойылуы

·         «Тапқырлар» командасындағы ТжКББ ұйымдары жас мамандардың команда капитанының үйлестіруімен талдап, талқылай отырып, сұрақтарға жауап беруі

·         Музыкалық үзіліс сәті  Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні

·         Көрермендер тарапынан 1 сұрақ қойылады

·          «Абай елімізде және әлемде» тақырыбында колледж студенттері әзірлеген  статистикалық   мәліметтер картасының  таныстырылымы

 

15.15-15.35

Ойынның қорытынды  кезеңі

·       Пікір алмасу, рефлексия

·       Ойынның әділқазылар алқасының қорытындысы

·       Ойын жеңімпаздарын марапаттау

·        Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін караокемен барлық қатысушылардың орындауы

Модераторлар:

Алматы қаласы Білім басқармасы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік   орталығы техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің қызметкерлері және №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің оқытушылары.

Ойынның жүргізушілері:

Капасова Алма — №1 АҚМГПК орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы;

Тюсельбаев Құмар — №1 АҚМГПК ағылшын тілі мұғалімі мамандығының 3 курс студенті.

 

 

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню