
№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ
- +7 (727) 278-56-84
- приемный телефон
- pedkol1@ inbox.ru
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Колледждің миссиясы:
Оқу процессін инновациямен интеграциялау негізінде жаңа форматтағы педагог мамандарға деген мемлекеттік сұранысты қанағаттандыру, жалпыадамзаттық, ұлттық рухани құндылықтарды сақтап, жетілдіру арқылы қоғамның зияткерлік элитасын дайындау.
Колледждің стратегиялық мақсаттары:
- Аймақтың индустриалдық-инновациялық даму міндеттерін, еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын, білім алушының жеке тұлғалық дамуы мен оның қалыптасу проблемаларын шешуге шығармашылықпен келетін жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың жоғары сатысын қамтамасыз ету;
- Білім беру мен педагогикалық ғылымды біріктіруді қамтамасыз ету, ғылыми зерттеу нәтижелерін практикаға енгізу, педагогикалық білім беру мазмұнын жаңалауды ғылыми тұрғыда қамтамасыз ету;
- Кәсіби және азаматтық қызметке белсенді шығармашылықпен келуге қабілетті, Қазақстан Республикасының патриоттары мен жан-жақты мәдениетті және көп тіл білетін жаңа мамандарды мақсатты түрде дайындау;
- «BILIM» цифрлық платформасын оқу орнындағы білім беру жүйесін тиімді бақылау және оқу процессін автоматтандыру енгізу арқылы колледждің оқу үрдісін ақпараттандыру.
