№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Талапкерлер назарына №1 АҚМГП колледжі ұсынады MAGIC

КОЛЛЕДЖДІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ - ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Колледжде  2  және 4  қабатты оқу ғимараттары —  ( 43,10  шаршы метр) және  22 оқу және 4 мультимедия кабинеттері, 4 оқу лабороториясы; 4 қабатты  студенттер  жатақханасы — (300 орындық); асхана — (125 орындық);  акт залы — (338 орындық); 2 спорт залы — (418 шаршы метр),  футбол алаңы —  (800  шаршы метр) бар.

        Колледждің оқу кабинеттері қазіргі заман талабына сай компьютерлік және мультимедиялық құралдармен жабдықталған,  ұлт аспаптар оркестрі, химия, физика  лабораториялары қайта жабдықталған, 2 мультимедиалық — лингафондық кабинеті, 234 компьютермен 10 моноблокпен, 33 интерактивті тақтамен, 5 интерактивті панельдермен  жабдықталған аудиториялары, электрондық оқу залы мен заман талабына сай аудио-видеоқормен жабдықталған электронды кітапхана, интернет және  5 Wi-Fi нүктелерін тарататын   компьютерлік жүйеге енгізілген.

       Кітапхана қорындағы кітаптар —  40945 дана, оның ішінде  электрондық және магниттік тасымалдағыштардағы оқу әдебиеттер 643 дана, қазақ тілінде 450 дана. Кітапхана сөрелері оқу — әдістемелік әдебиеттер қорымен бірге түрлі көркем әдебиеттермен, орта білім берудің жаңартылған мазмұнына сай оқулықтармен,  Елбасының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру»  жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» аясындағы оқулықтармен, «Кәсіпқор» холдингінің электронды оқулықтарымен, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының «Кәсіпкерлік негіздері» факультатив сабақтарының оқулықтарымен   толықтырылған.

         Колледж ғимаратының  іші мен сыртқы жақтарына  115  видео бақылау  камералары орнатылған.

ОҚУ ҒИМАРАТТАРЫНЫҢ ІШКІ – СЫРТҚЫ КӨРІНІСТЕРІ

ОҚУ КАБИНЕТТЕРІ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС

Акт залы:

Кітапхана:

Асхана:

Спортзал:

СТУДЕНТТЕР ЖАТАҚХАНАСЫ:

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2020. Барлық құқықтар сақталған.

Закрыть меню