№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ХАБАРЛАНДЫРУ

«№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы, Шемякин көшесі № 131, индекс 000056, электрондық адресі: pedkol1@list.ru

«№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі әкімшілігі ваканттық бос орындарға конкурс жариялайды:

  1. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы, «Дене тәрбиесі мұғалімі» біліктілігі бойынша 1орын;
  2. «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі» біліктілігі бойынша 1 орын;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы ҚР Білім және ғылым министрінің 30.04.2020 №169 бұйрығымен бекітілген жалпы ережелерге сәйкес:

Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейіндер бойынша кәсіптік білім, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды, және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін – кемінде 2 жыл; педагог – сарапшы үшін – кемінде 3 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 4 жыл; педагог-шебер үшін – 5 жыл.

Негізгі функционалдық міндеттері:

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;

Жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға жәрдемдеседі;

оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;

Білім алушылардың сапалы білім, білік және дағды алуын қамтамасыз етеді;

оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;

Білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;

білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

 

Білуге тиіс:

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдары, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын, оқу пәнінің мазмұнын, оқу-тәрбие процесін, оқыту және бағалау әдістемесін;

Педагогика және психология, әлеуметтану негіздерін, қазіргі педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін;

Басқарудың инновациялық әдістерін;

Педагогикалық этиканың нормаларын;

Экономика негіздері, еңбек туралы заңнама, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін;

Еңбек ақы мөлшері:

Педагогикалық еңбек өтілі мен санатына байланысты есептеледі, мысалы

 

Санаты

Лауазымдық жалақысы өткерген жылдарын есептегенде

 

 

Теңгеден  

Теңгеге дейін

 

В1-4

136266

164449

 

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 07.02.2022ж – 15.02.2022ж

Қажетті құжаттар тізбесі:

 

  1. Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
  3. Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
  4. Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
  6. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген)
  7. психоневрологиялық ұйымнан анықтама
  8. наркологиялық ұйымнан анықтама;
  9. Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты(бұдан әрі – ҰБТ)(жаңадан ЖОО ны бітірген жас мамандар үшін) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
  10. 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 

Осы Қағидалардың 107-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

 

7 жұмыс күн ішінде конкурстық комиссия  сағат 9.00 ден 18.00 ге дейін өткізіледі. (№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде, адресі Алматы қаласы, Шемякин көшесі 131)

Байланыс телефоны:  278-56-84

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.