№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Жеке пәндер әдістемелері» ПЦК-ның онкүндігі

03-13.12.19ж.аралығында «Білім берудегі  қазіргі инновациялық технологиялар —  болашаққа деген жарқын қадам» атты шығармашылықпен ғылыми жаңашылдыққа толы ПЦК декадасы болды. Декада мақсаты: Жаңа  технологиялар, роботтандыру мен автоматтандыру еңбек ресурстарына және адам капиталының сапасына қатысты талаптарды күрделендіріп, күшейту үшін өз тәжірибемізде тиімді қолданып, білім берудің инновациялық негіздері  CLIL технологиясы, STEM білім беру арқылы болашақ мамандардың 4К моделін дамыту. Білім мен техниканың және пәндердің кіріктірілуін оқыту аясында практикалық дағдыларын шығармашылық логикалық ойлауын дамытып, қалыптастыру.

                «Жеке пәндер әдістемелері»  ПЦК декадасының бағдарламасы

ЖПӘ-нің декадасы-өнер мен өмір тануға деген жаңа қатынасты қалыптастырудың тиімді жолы болғандықтан, мастер-класс, семинар, байқаулар, галерея, ғылыми-практикалық конференциямен қатар, Ұлы Абайдың 175 ж. мерей тойына орай сахналық қойылыммен  «ЖПӘ гүлдері» ансамблі өнерін көрсетті. Сахналық қойылымда барлық рөлдерді ПЦК оқытушылары өздері ойнап, ұжымды әртістік, шығармашылық қабілеттерімен тәнтті етті. Декаданың ашылу салтанатының құрметті қонағы Абай ат.ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ П.Ғ.Д. профессоры А.С.Амирова қатысып, өзінің жылы лебізін білдірді.

Қорытынды жабылу кешінде әр іс-шараға қысқаша шолу жасалып, сайыстарда жүлделі орын алушы жеңімпаздарды марапаттап, сыйлықтар берілді.

Сонымен қатар, декадаға белсенді қатысып,  әр бір іс-шараның тақырып бойынша шахмат элементтерін анықтап, яғни ақ-қара, дәстүрлі-дәстүрлі емес инновациялық педагогикалық технологияларды өте дұрыс анықтап, толық рефлексия бере білген С.А.Борасынбаеваға «АЛҒЫС ХАТ» және ақшалай сыйақы берілді.Колледж директоры Г.М. Ходжабергенова және колледж әкімшілігі декада іс-шараларының барлығына қатысып, әр  іс-шара ізденіспен, шығармашылықпен жоғарғы денгейде болғандықтан әр қайсынан жақсы әсер алғандығын жеткізіп, ПЦК оқытушыларына өз алғыстарын білдірді. ПЦК декада іс-шаралары бойынша-«Be Clever» Халықаралық дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Педагогикалық шеберлік» атты Халықаралық байқауда І-орын иеленді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.