№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

01.09.2020 №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық- педагогтік колледжінде күні Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай студенттер арасында «Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихы және негізгі баптары» тақырыбында онлайн интеллектуалды конкурс ұйымдастырылды.

Тәрбие сағатының мақсаты:
Алматы қаласы тарихымен таныстыру. Білім алушыларды Алматы қаласының ескерткіштерін көрсетіп,тарихымен таныстыру.
       Тәрбие сағаты  барысында топ кураторы Қ.Д.Баймуратова Алматы (орыс. Алматы́; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы) — Қазақстанның ең үлкен қаласы, ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқаны, Алматыда 1 897 143 адам тұратыны, қаланың аумағы — 682 шаршы километрге созылып жатқан үлкен мегаполис екендігі туралы мәліметтер берді. Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқаны туралы,Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарлары туралы жан-жақты түсіндірді.

 Сабақ барысында білім алушылар Алматы қаласының тарихы мен мәдени тарихи ескерткіштері туралы өздері  дайындаған  баяндамаларын оқыды.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжіндегі білім алушыларға қаланың тарихы мен

Мақсаты: Қазақстан Республикасы Контитуциясының тарихымен таныстыру және ата занының негізгі қағидаларын білім алушыларға түсіндіре отырып, олардың заң туралы білімдерін  толықтыру болды.

Конкурсты тарих пәнінің оқытушысы Р.М.Молдабекова ұйымдастырды.

Іс — шара  барысында  ҚР  Конституциясының  мемлекеттіліктің маңызды белгісі, мемлекеттің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылатыны айтылды. Кез-келген жүйенің өзін-өзі реттеуші, тәртіпке келтіргіш діңгегі болатынын, Конституция да сондай кез-келген қоғамды реттеуші діңгек деп танылатынын,біздің бүкіл тыныс-тіршілігіміз, өмір салтымыз, жалпы қоғамның тамыр соғысы – барлығы осы Ата Заңымыздан бастау алатынын сайысқа қатысқан студенттер жан-жақты дәлелдеп айтты.

11 қыркүйек күні 22б-23б топ білім алушылары және ата аналармен  «Отбасы бақыт мекені» тақырыбында  топ кураторы Ж.М.Жамалбек  ашық тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатының  мақсаты: Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті, адамның отбасындағы орны туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағатының барысында топ кураторы Ж.М.Жамалбек тәрбие сағатының барысында  отбасы – сүйіспеншілік мектебі екенін,отбасы мүшесінің жеке бас әдебі, біртұтас адамгершіліктің өлшемі  туралы, жеке басқа тән ізгіліктер: тазалық, адалдық, өжеттік, өзін-өзі тану, өзін-өзі бақылау, орнықтылық, ақылдылық, төзімділік қасиеттер қажеттігін айтты. Шараға қатысушы студенттер мен ата-аналар адам бойында қалыптасқан осы ізгілік қасиеттер отбасы үшін маңызды, өйткені әр отбасы мүшесіне осы қасиеттер ықпал ететіні туралы өз ойларын білдірді.Адам өмірінде  рухани-адамгершілік ізгіліктердің орнығуы әлемді реттейтін әмбебап ұстанымдармен сәйкеседі. Қорыта айтқанда, әмбебап ұстанымдар жүрекке негізделеді.Oтбасының қарым-қатынас мәдениеті, отбасы мүшелерінің  әлеуметтік міндеттері, әкенің рөлі, ананың рөлі, баланың рөлі маңызын көрсетеді. Отбасы қарым-қатынасы мәдениеті және оларды біріктіретін негізі – риясыз сүйіспеншілік. Отбасы тек жеке эго емес,  екі адамның «Мен»-нен «БІЗ»-ге ауысатын зертханасы екені туралы пікір білдірді.

Тәрбие сағатының мақсаты:
Алматы қаласы тарихымен таныстыру. Білім алушыларды Алматы қаласының ескерткіштерін көрсетіп,тарихымен таныстыру.
       Тәрбие сағаты  барысында топ кураторы Қ.Д.Баймуратова Алматы (орыс. Алматы́; 1921 жылға дейін — Верный; орта ғасырларда — Алмату (Алмалы) — Қазақстанның ең үлкен қаласы, ол Тянь-Шань тауларының солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқаны, Алматыда 1 897 143 адам тұратыны, қаланың аумағы — 682 шаршы километрге созылып жатқан үлкен мегаполис екендігі туралы мәліметтер берді. Іле бойы жазығының оңтүстігін ала Тянь-Шань тау селімдерінің солтүстігінде орналасқаны туралы,Республика жерінің оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Іле Алатауының солтүстік беткей баурайында, теңіз деңгейінен 700-1000 метр жоғары Үлкен және Кіші Алматы өзендері аңғарлары туралы жан-жақты түсіндірді.

 Сабақ барысында білім алушылар Алматы қаласының тарихы мен мәдени тарихи ескерткіштері туралы өздері  дайындаған  баяндамаларын оқыды.

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжіндегі білім алушыларға қаланың тарихы мен

сәулет өнерінің ескерткіштерімен таныстыруға бағытталған «Алматы қаласы мен оның тарихи мәдени ескерткіштері»  атты тәрбие сағатын 12б тобының жетекшісі Мышан Ж.Б  2020 жылдың 15 қыркүйегінде өткізді.Тәрбие сағатының барысында білім алушыларды қаланың тарихы мен сәулет өнерінің ескерткіштерімен таныстыру және мәдени ескерткіштердің тарихына шолу жасады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.