№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

03.10.2020 ҰСТАЗДАР КҮНІ

Биыл  2020 жылы 10-қазанда Қазақстан Республикасындағы  ТККБ ұйымдарының құрылғанына 80 жыл толуына және 3-қазан ұстаздардың төл мерекесіне орай ардагер ұстаздарды және колледжде қызмет етіп жатқан ұстаздарды марапаттау және  … колледж дирекциясының атынан құттықтаулар  жіберілді.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық -педагогтік колледжі

       АЛҒЫС ХАТ

Құрметті ұстаз және  білім саласының ардагерлері!

              Ұстаз болу адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Биылғы  техникалық және кәсіптік білім беру саласының 80 жылдығында,  осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып,

бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған ұстазымызға қандай мадақтау  айтсақ та артық емес. Қоғамның әрбір жаңалығын жылы қабылдап шәкірттеріңіздің бойына жеткізе білгеніңізбен қатар, бойыңыздағы бар жинап — терген біліміңізді білім алушылардың санасына сапалы етіп сіңіре білдіңіз, балаларыңыздың білімді, парасатты болып шығуын мақсат еттіңіз.

          Ел ертеңі болып табылатын ұландардың бойына білім мен өнерді, адамгершілік пен адалдықты, туралық пен шыншылдықты, рухани байлық пен ұлттық қасиеттерді сіңіріп, оларды тұлғалы азамат етіп қалыптастыруда      Сіздердің үлестеріңіз орасан зор.

                 Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін  шексіз алғыс білдіреміз! «Ұстаздар күні» мерекесімен сізді шын жүректен құттықтай отырып,  отбасыңызға амандық, мықты денсаулық  пен мейірім тілейміз!                                                                  

 

                              Колледж  директоры                                   Мендгазиева М.Т.

 КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ   Ы.АЛТЫНСАРИН ТӨС БЕЛГІСІМЕН  ЖӘНЕ ҚР БҒМ –НІҢ  АЛҒЫС ХАТЫМЕН,  АЛМАТЫ  ҚАЛАЛЫҚ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫНЫҢ  ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.