№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ТОП-100 студенті

27 қараша 2020 жылы ҚР  БҒМ – нің  ұйымдастыруымен   «Қазақстан Республикасы колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасының   жеңімпаздарын онлайн марапаттау рәсімі болып өтті.  Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген ҚР Білім және ғылым вице-министрі  Ш.Каринова министр А.Аймағанбетовтың ақ тілегін жеткізіп, арнайы дипломдармен марапаттады.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағанбетовтың дипломымен колледждің 4 — курс студенті, «Студенттердің өзін-өзі басқару» ұйымының төрайымы Қазанғап  Гулзада жобаның үздік  ТОП-100 студенті ретінде марапатталды. Біздің  студенттеріміз аталған жобада биыл екінші жыл үздіктер қатарынан орын алды.

«ҚР колледждерінің ТОП-100 студенті» жобасында дарындылығы мен көшбасшылық қабілеттері үшін үздіктер қатарынан көрінген Алматы қаласының жеңімпаз студенттеріне онлайн марапаттау рәсімінде қалалық Білім басқармасының өкілдері,  колледж басшылығы мен оқытушылары және студенттері Гулзадаға алдағы уақытта да  үлкен  сенім білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.