№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

09.04.2021 жылы кітапхана меңгерушісі Акбаева Айнур  12 сәуір-ғылым саласындағы қызметкерлер күніне орай «Терең білім-еңселі болашақ» тақырыбында ғылым саласындағы қызметкерлермен   оқытушылар және білім алушылардың қатысуымен   кездесу ұйымдастырды.

Мақсаты: Білім алушыларға Қазақстанда ғылым саласының қалыптасуы, ҚР Ұлттық ғылым академиясы құрылуы,ғылымның дамуы туралы мәліметтер беріп, ғылым мен білімнің еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы маңызды рөлін көрсету. Оқу құралдарының авторларымен  кездесу. Жоғарғы оқу орныменен шығармашылық байланыс орнату.

Онлайн кездесуге ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ғылыми қызметкерлері:

*Жубандықова Акгүл Мурзалиевна — педагогика ғылымдарының кандидаты,професор міндетін атқарушы.

*Набуова Роза Абдрахманқызы — педагогика ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған професор міндетін атқарушы.

*Асилбаева Фатима Бекмуратовна — педагогика ғылымдарының кандидаты қауымдастырылған професор міндетін атқарушы.

*Кариев Адлет Дюсембаевич — педагогика және психология жоғарғы мектебінің ғылыми жұмыстар және иновация жөніндегі деканның орынбасары.

*Айтжанова Эльмира Нұрмаханқызы – педагогика ғылымының магистірі, аға оқытушы  қатысты.

Кездесу қонақтары ғылымның еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуындағы маңызды рөлін айта келіп, республикамыздағы ғылым саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға тоқталды.Білім алушылардың қойған сауалдарына жауап беріп,олармен тығыз байланыс орнатты.

Колледждің жоғарғы санатты,ұлағатты ұстазы Ү.Ж. Мухамеджановамен авторлық бірлестікте «Мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбие теориясы және әдістемесі» оқулығын жазған педагогика ғылымының кандидаты, профессор міндетін атқарушы А.М.Жубандықова оқу құралын жазу барысындағы қызықты оқиғалар мен   кездескен қиыншылықтар туралы әңгімеледі.

Кездесу соңында кітапхана меңгерушісі Ақбаева Айнұр  ғылым қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, ғылым жолындағы еңбектеріне  табыстар тілеп, алғысын білдірді.    

сынып оқушыларымен кәсіптік бағдар жұмысы бойынша қашықтықтан кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты оқушыларға мамандық таңдауға бағыт-бағдар бере отырып, колледж тарихы, материалдық-техникалық базасы, оқытушылар құрамы, дайындалатын мамандықтар туралы толық ақпараттар беру, жарнамалау болды.

Ағылшын тілі және арнайы пәндер оқытушысы Күнтубай Арайлым Абзалқызы Zoom платформасында АКТ мүмкіндіктерін қолдана отырып, аталмыш мәселелерді, сондай-ақ соңғы жылдардағы елеулі тарихи оқиғалармен және оқытушылар мен студенттердің  жетістіктерімен таныстырып өтті. Колледжде дайындалатын мамандықтарға жеке тоқталып, олардың болашақтағы мүмкіндіктерін атап өтті. Колледждің сайтымен, әлеуметтік желілердегі жеке парақшаларымен таныстырды. Кездесу соңында оқушыларға сұрақтар қойып, кері байланыс жасады. Оқушылардың қойған сауалдарына жауап берілді.

Нәтижесінде, оқушылар колледж жайлы және жалпы мамандықтар туралы толық мәліметтер алғанын, әлеуметтік желілер арқылы байланыс жасайтынын хабарлап, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.