№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық – педагогтік колледжінде «МЕНІҢ КӘСІБИ ЖОЛЫМ» атты имидж кездесу бітіруші түлектермен онлайн ZOOM платформасында ұйымдастырылды.

  Имидж кездесудің мақсаты — колледж түлектерінің тәжірибелі жаңашыл педагогикалық озық идеяларымен бөлісу, білім кеңістігіндегі жетістікке жету жолындағы еңбектерін насихаттау және прогрессивті жаңалықтарымен тәжірибе алмасу.

Имидж кездесуге колледжімізді әр жылдарда бітірген, қазіргі таңда   колледж, мектеп және мектепке дейінгі тәрбие ұйымдарында лауазымды қызметтерін  атқарып  жүрген  мамандар, өздерінің жаңашыл идеяларымен заманауи білім беруде талай белестерді бағындырып жүрген түлектер қатысты.

Алмабаева Гульнур Ислямгазиевна

174 мектеп-гимназияның ағылшын тілі мұғалімі.

 Искакова Асел Жексенбековна

 Алматы қаласы №201мектеп-гимназияында  ағылшын тілі пәнінің мұғалімі.

Ескелдиева Айдана Мұхитқызы

 «Болашақ кемеңгер 2» бөбекжай- балабақшасының әдіскері .

Алпысбаева Асель Алтаевна

 Алматы қаласы, Медеу ауданы

Ш.Уәлиханов атындағы №12 мамандандырылған гимназия

директордың оқу- ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәнінің мұғалімі.

 Нурболат Аян Қайсарұлы

 ҚР дарынды жастары 2020 «Алтын төс белгісінің» иегері.

Алматы қаласы Ж.Жабаев атындағы №161 лицейдің директордың ғылыми-әдістемелік бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары.

 Шорманова Балжан Сакеновна

   Алматы қаласы «№75 бөбекжай-балабақшасының әдіскері.

 Мәди Сапарбайұлы

Алматы облысы, Талғар ауданы №17 жалпы білім беретін мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

  «Қазақстан Республикасының үздік ұстазы» — атты төсбелгісімен марапатталған.

Абилдаев Бауыржан Сүлейманұлы

 Алматы қаласы Алатау ауданы №26 жалпы білім беретін мектеп директорының  оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

Мадаутова Зульфира Кайрбековна

Алматы қаласы , Әуезов ауданы №104 жалпы білім беретін мектеп директорының оқу-ісі жөнінен орынбасары.  

Нұртаза  Гүлбану Кенесбекқызы

   «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі.

  Бекова Анар Қайратқызы  

  Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

Тұрсын Талшын Маратқызы

  Алматы қаласындағы №102 жалпы білім беретін мектебінде орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі және директордың тәрбие- ісі жөніндегі орынбасары.

Кездесу онлайн форматта өткізілсе де, түлектердің өздері білім алған колледжге деген ыстық ықыластарымен  сағыныштарын экран сыртынан да сезілді. Қазіргі таңда атқарып жүрген қызметтері мен білім саласындағы жаңалықтарымен бөлісті.Түлектер білім нәрімен сусындатқан ұстазарына деген алғыстары мен қимастық сезімдерін білдірді.

Атақты ғұлама Әл-Фараби

Ісім оңсын десеңіз,

Сол істің маманы болыңыз.

Даңқым шықсын десеңіз,

Көпшіліктің адамы болыңыз! -деген екен. Осы өлең жолдарында келтірілгендей, кездесу барысында түлектеріміздің мамандық таңдауда еш қателеспей, қызмет атқарып жатқандарын  тілдесу барысында  аңғардық.

Имидж кездесуде түлектерімізге мекеме басшыларының жазбаша және  бейне жазбада берген  пікірлері тыңдалып, білікті маман дайындаған колледж ұстаздарына өз ризашылықтарын жеткізді.

« МЕНІҢ КӘСІБИ ЖОЛЫМ» атты имидж кездесуге қатысқан ұстаздық жолында жүрген   түлектерімізді колледж директоры Магишат Таскалиевна алғыс хаттармен марапаттады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.