№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

«Өзекті өртер шындық» саяси қуғын –сүргін құрбандары Ахмет Байтұрсынұлы мен М. Әуезовтің музей – үйлеріне онлайн саяхат.

2021 жылдың 04 маусымында ZOOM платформасы арқылы колледжде білім алушылар арасында «Жаңартылған бағдарлама – табысты болашақ кепілі» тақырыбында студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы ұйымдастырылып өткізілді.

Конференцияның мақсаты: — ғылыми қызметке, педагогикалық ғылым саласындағы білімді теориялық зерттеуге және практикалық пайдалануға қызығушылықты ынталандыру;

— зерттеу талантын анықтау және көтермелеу;

-педагогикалық тәжірибені өткізуді ұйымдастырудағы дағдыларын жетілдіру;

— ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ұсыну, дағдыларын анықтау.

          Ғылыми-практикалық конференцияға қатысқан білім алушылар зерттеу жұмысының мақсаты мен міндетін, өзектілігін аша отырып, теориялық білімді практикамен байланыстыру негізінде зерттеу жұмысы жүргізілген.

          Конференция қорытындысы бойынша сарапшылар шешімімен жеңімпаздар анықталып, І,ІІ,ІІІ дәрежелі диплом және номинациялар тағайындалды.І дәрежелі дипломды 43ш тобының білім алушысы  Бейсембек Орынтай иеленсе, ІІ дәрежелі дипломды 42бш топ білім алушысы Шерипбаева Нұршат пен 41бш топ білім алушысы Рымбекова Шырын иеленді, ал ІІІ дәрежелі дипломды 31д топ білім алушысы Исаева Меруерт, 22б тобының білім алушысы Каримова Карина мен 21бш топ білім алушысы Қонысбаева Ақбаян алды. Сонымен қатар сарапшылар шешімі бойынша қатысушыларға «Баяндаманың зерттеушілік сипаты», «Зерттеудің практикалық маңыздылығы», «Шығармашылық көзқарас» номинацияларымен марапатталды және сертификаттар берілді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.