№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Қазақстанның жастары–Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.

   №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде  10.09.2021 күні 2021-2022 оқу жылына колледждің белсенді студенттерімен бірге директордың оқу-тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары А.А.Байтекеева, «Жастар ұйымының»  төрайымы М.А.Сұлтанова және

«Өзін-өзі басқару» ұйымының мүшелері  «Студенттік парламент»  өзін-өзі басқару ұйымының құрамын қайта тағайындау туралы жиналыс өткізді. Жиналыс барысында  колледждің ішкі тәртіп ережесі мен алдағы  жұмыс жоспары және «Өзін-өзі басқару» ұйымының ,басқа да   ұйымдардың  2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстары тыңдалды.
 Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша директордың оқу-тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасары Айгул Аталыққызы  «Студенттік  Парламенттің  оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде колледж әкімшілігіне  көмекші болатыны,  Парламентте студенттер мен педагогтер бірлесіп ынтымақтасуға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуде өз ұсыныстарын білдіруге құқылы екендіктерін және Парламенттің  құрылымының 8 фракциясының қызметімен  таныстырды.
Студенттік Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
 Парламенттің міндеттері:

— білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, колледжде бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау;

— ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру;

— әрбір білім алушыны  оқу орнының  қоғамдық өміріне тарту;

— өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту болып табылады.

 Колледж студенттерінің  ұсыныстарымен және дауыс берулері  нәтижесінде колледждің 2021-2022 оқу   жылының «Студенттік парламентінің» президенті болып  3-курс, 31 «Б» топ білім алушысы Нұрғазы Мерей Маратқызы тағайындалды.Студенттік Парламент құрылымының  8 фракциясына бірнеше   колледж студенттері өздерінің кандидатураларын  ұсынғандықтан   байқау жарияланды.Байқау  15.09.2021 күні  сағат 12.00 ге дейін жалғасады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.