№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Аймақтық Worldskills Almaty-2021 чемпионатының жабылу салтанаты

22 қазан 2021жылы №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінде Аймақтық  Worldskills Almaty-2021  чемпионатының «Бастауыш сыныптарда оқыту»,«Мектепке дейінге оқыту және тәрбиелеу»,«Музыкалық аспаптарды дайындаушы»,«Медициналық және әлеуметтік күтім» құзыреттіліктері бойынша жабылуы  және жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтілді. Салтанатты іс-шараны колледж директоры Мендгазиева М.Т. ашты. Жүзден жүйрік шыққан  кәсіби шебер, талантты жастарды құттықтап, алдағы Ұлттық Worldskills Kazakhstan-2021 чемпионатында жеңімпаз орындарға ие болып, Алматы қаласының мәртебесін жоғары көтеретіңдіктеріне сенімді екенін атап өтіп, сәттіліктер тіледі.

Көптен күткен I II  III орын иегерлеріне дипломдары, төсбелгілері табысталды.

«Бастауыш сыныптарда оқыту» құзыреттілігі бойынша 1 орын иеленген студентіміз Касенканова Динара Арайқызына және барлық жеңімпаздарға Ұлттық WorldSkills -2021 чемпионтында өз мамандығының кәсіби шеберлігін жоғарғы деңгейде көрсететініне сенім білдіріп,,жеңіспен оралуларына тілектеспіз!

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.