№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

“Елбасы медалі” жобасы

Елімізде талантты жастарды қолдауға арналған «Елбасы  медалі» жобасы- ұлттық деңгейдегі бағдарлама. Басты мақсаты – еліміздің барлық аймақтарынан дарынды жастарды  іздеу, оларды жауапкершілік, қайсарлық, мақсатқа жету сынды қасиеттерге тәрбиелеу.Қатысушылар жеті бағыт бойынша: спорт, өнер, кітап оқу, туристік саяхаттар, ұлттық мұра, волонтерлік қызмет және еңбек тәжірибесі арқылы қатыса алады. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақыттарын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді.
2021 жылғы 22 желтоқсан күні Нұрсұлтан Назарбаев қорының Алматы қаласындағы өкілдігінің мекемесінде «Елбасы Медалі» бағдарламасына 6 ай бойы 7 бағыт бойынша қатысып, белсенділік көрсеткен марапатталушылардың қатарынан  31 “Б” топ білім алушысы, колледж президенті – Нұрғазы Мерей де көрінді.Аталған іс-шара аясында «Елбасы Медалі» жобасының белсенді жастарын Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Жылқыбаева Ляззат Әуесханқызы, Нұрсұлтан Назарбаев қорының атқарушы директорының  орынбасары
Рогов Игорь, Алматы қаласының Маслихат депутаттары  Құдайберген Қайрат пен Есматов Серік, «Алматы дарыны»  орталығының директоры Айтпаева Жанат, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының актері Әсет Иманғалиев  марапаттады.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.