№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК
ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығына арналған 2020 жылдың 20.04. - 03.05. аралығында қалалық қашықтықтан шығармалар байқауының қорытындысы

Алматы қаласы  Білім   басқармасы  қалалық    білім    берудегі   жаңа  технологиялардың  ғылыми   әдістемелік   орталығының ұсынумен қазақ тілінде  техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 1 – курс студенттері  арасында Ұлы Отан соғысы  Жеңісінің   75 жылдығына орай 2020 жылдың 20.04. —  03.05.  аралығында  қалалық қашықтықтан шығармалар байқауын №1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжінің оқытушылары  ұйымдастырды. 

      Қаладағы ТКББ оқу орындарынан байқауға 30 сұраныс қабылданды, оның ішінде 28 жұмыс байқау ережелеріне сәйкес қарастырылды. 2 жұмыс 2-курс студенттерінен келгендіктен байқауға қатыспады. Бір  шығарма сұраныссыз келді, қатысушылары кері байланысқа шықпай,  анықталмады.

          Коллледж оқытушыларынан құралған комиссия мүшелері:

  1. Директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары — Алимжанова А.Б.
  2. «Қазақ тілі мен әдебиеті және әдістемелері» ПКЦ төрайымы — Енсенова Е.Т.
  3. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы — Г.Б.

Комиссия мүшелері келіп түскен жұмыстарды қарап, төмендегідей орындар тағайындады. (Нақты мәліметтер 1- қосымшада берілді.)

Үздік шығармалар жазған білім алушылар  І,ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды:

І – орын – 1 білім алушы : Медербекова Балнұр Асқатқызы—  Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі білім алушысы, жетекшісі Байсугурова Үміт Сапаровна, шығарма тақырыбы: «Соғыс менің көзіммен (Мен соғыс туралы не білемін)».  

ІІ– орын  — 3 білім алушы

Дипломның үлгісі

  1. Сабет Жадыра Сабетқызы — «Алматы көпсалалы колледжі» КМҚК білім алушысы, жетекшісі Акпантаева Эльмира Батырхановна, шығарма тақырыбы: «Барлығы майдан үшін, бәрі жеңіс үшін».
  2. Тоқтасын Аяжан және Дубирбаева Айнур — №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік білім алушылары, жетекшілері Бекмедетова Фарида Картанбаевна мен Еңсенова Еркін Төлентаевна.

3- орын  — 5 білім алушы

Дипломның үлгісі

  1. Ансатбаев Берекет Ғабитұлы -Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледж білім алушысы, жетекшісі Байгалиева Алмагуль Таңжарықовна.
  2. Еркебев Мәди Нұрмаханұлы — Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледж білім алушысы, жетекшісі Тұрсын Ботакөз Сейілханқызы.
  3. Иса Диана — №1Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледж білім алушысы, жетекшісі Бекмедетова Ф.К.
  4. Даркенбай Айзада Серікбекқызы — Алматы сән және дизайн колледжі білім алушысы, жетекшісі Ауқашова Гүлзия Саясатовна.
  5. Мухаметов Шыңғыс Берікұлы -«Алматы көпсалалы колледжі» КМКҚ білім алушысы, жетекшісі Көшербаева Жадыра Бекзатқызы.
  6.  

Байқаудың басқа  қатысушыларына байқауға қатысқаны үшін Алғыс хат берілді.

        Алғыс хаттың  үлгісі

Дипломдар мен алғыс хаттар қатысушылардың электронды почталарына жіберілді.

№1 АЛМАТЫ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ГУМАНИТАРЛЫҚ - ПЕДАГОГТІК КОЛЛЕДЖІ

© 2021. Барлық құқықтар сақталған.